ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.
Кездесуде аудан басшысы Желтоқсан оқиғасының тәуелсіздік пен демократиялық жаңғырудың бастауы болғандығын атап өтті.
Кеңестік озбыр саясатқа қаймықпай қарсы шыққан жастардың арасында елінің ертеңі үшін жанын қиғандар мен жазаланғандар да болды. Бірақ олардың арманы орындалды. Көп ұзамай еліміз азаттық алып, күллі әлемге еркін ел ретінде танылды, – деген аудан әкімі желтоқсандықтардың кеудесіне естелік төсбелгілер тағып, құттықтау хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.
Кездесуде Желтоқсан оқиғасына қатысушылар атынан сөз алған Сағира Сарбалаева мен Мұхит Қыпшақбаев азаттыққа ұмтылған қатарлары жайлы естеліктер айтып, өздеріне облыс, аудан басшылығы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.