ҚАРМАҚШЫДА «I LOVE KZ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қармақшы ауданында жастар көлік жүргізушілерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, ҚР шағын туы мен құттықтау хатын тапсырды.
Аудан тұрғындары мен жастарға отан сүйгіштікті насихаттау, мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында өткізілген «I LOVE KZ» акциясына «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімінің мамандары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Қармақшы таңы» газетінің тілшілері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары және аудандық ішкі істер бөлімінің әкімішілік полиция бөлімшесінің әкімішлік практика тобының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында көлік жүргізушілер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіре отырып, барлық аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын деген тілектерін білдірді.
Шара барысында көлік жүргізушілер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіре отырып, барлық аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын деген тілектерін білдірді.