ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ӨРЕНДЕР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Жастар саябағында» жылдағы дәстүр бойынша Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Болат Накипов қатысып, болашақ сарбаздарға сәт–сапар тіледі. Сондай ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов сарбаздарға батасын берді. Шара барысында жастар бірлестіктерінің белсенділері аудан жастарының атынынан болашақ сарбаздарға «Аманат хат» пен сарбаздың күнделікті тұтынатын заттарын табыстады.
Айта кетейік, биыл аудандық әскери бөлім жанынан жаңадан әскерге шақыру пункті ашылып, күрделі жөндеуден өткен болатын. Өткен жылы 95 қармақшылық отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған болса, 31 азамат келісім-шарт негізінде еңбек етуге ниет білдірген. Ал, бүгінгі күнге 49 жас әскерге аттанып, 7 азамат келісім-шарт негізінде қызмет атқаруда.