ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Төретам кентіндегі №279 мектепте «Әлеуметтік жобалардың маңыздылығы және жүзеге асуы» тақырыбында семинар – тренинг өтті. Семинарды бірлестік төрайымы А.Нұрмағанбетова ашып, қатысушылармен және бағдарламамен таныстырып өтті.
«Әлеуметтік жобалардың маңыздылығы және жүзеге асуы» тақырыбында аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ- ның Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы М.Ибраев баяндама жасады. Қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан қоғамдық бірлестіктер және жұмыс жасап жатқан жобалары төңірегінде «Төретам жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Айтжанова және «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетовалар мәлімет беріп өтті.