АНТ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің аудан тұрғындарымен кездесу болып өтті.
Жиында дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы, талдау моноторинг бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкері Тұрар Әбуов, талдау бөлімінің жетекші сарапшысы Ғибадат Төлеу, облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Маралбек Мусаев сөз алып, тақырып төңірегінде тұшымды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Жосалы кенті ардегерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, денсаулық сақтау саласы ардагері Иса Бисенов дін тақырыбы тереңнен қозғалып айтылатын ауқымы кең мәселе екенін атап өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қорытындылады.