ТҰРҒЫНДАРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында белгілі ғалымдар мен теолог мамандардың қатысуымен Қармақшы ауданына қарасты бірқатар ауылдық округтер мен аудан орталығында кездесу өтті.
Ақпараттық-насихаттық топ құрамы алдымен Ақтөбе ауылы тұрғындарымен кездесіп, бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында дінтанушы маман Бақтияр Оспанов жастардың діни сайттарды сауатты пайдалануда сенімді ақпарат көздеріне жүгіну, діни сауаттылықтың төмендігінен жат ағымдардың жетегінде кету сынды мәселелер төңірегінде дәріс оқып, пікір алмасты. Насихаттық топ өкілдері одан әрі ІІІ-Интерноционал, Жаңажол ауылдарында болып, ауыл мешіті жанынан діни сауатын ашып жүрген жастар мен жасөспірімдер, түрлі сала мамандары және мешіт имамдарымен кездесті.