«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ АЙҚЫНДАУ» АТТЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында «Мамандық таңдау – болашақты айқындау» атты оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинар Байқоңыр қаласындағы №274 мектеп базасында ұйымдастырылып, оған қала жастары, мектеп оқушылары қатысты. Семинарды аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Кармакшы аудандық бөлім басшысы Мұхтар Ибраев өткізді. Семинар барысында Елбасы Жолдауының басым бағыттарын насихаттау, «Қолжетімді баспана-2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту-2020» және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, көшбасшылық қасиеттер туралы айтылып, жастармен ой бөлісті.