ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНДА ДЫБЫС ЖАЗУ СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ
БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен бағдарламасы аясында «Қармақшы ауданына қарасты ауылдық округтерінде жаңа технологияларды енгізу арқылы әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешу» бағытында ірі 5 жоба жүзеге асыруды грант негізінде «Руханият-2015» қоғамдық қоры қолға алған болатын.
Соның бірі және бірегейі – Дыбыс жазу студиясын ашу. Жоба тиімділігі түрлі форматтағы әндер жазу және өңдеу болып табылады. Мұндай студия облыстағы бірде-бір ауылда жоқ екені бәрімізге белгілі. Жобаның ашылуына Қармақшы ауданы бойынша, «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Күлжауһар Раева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева және ауыл белсенділері қатысты. Жобаның маңыздылығы мен тұрақтылығына мән бере отырып, жоба ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді.