ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҮЛГІЛІ МЕКТЕПТЕ БОЛДЫ
Білім күні Қармақшы мектептерінде де алғашқы қоңырау сыңғырлады. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде болып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Өткен оқу жылы мен ҰБТ қорытындысы бойынша көш бастап, әріптестеріне үлгі көрсеткен оқу ордасының педагогикалық ұжымына сәттілік тіледі. Ауданда биыл 13 566 оқушы мектеп партасына отырса, оның 1 860-ы 1-сыныпта жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алады.
1-сыныпқа арналған оқулықтар түгелге дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, сабақ беретін 85 педагогтың 71-і арнайы даярлықтан өтті.
1-сыныпқа арналған оқулықтар түгелге дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, сабақ беретін 85 педагогтың 71-і арнайы даярлықтан өтті.