«БҮГІНГІ СТУДЕНТ – ЕРТЕҢГІ ЖАС МАМАН»
Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінде аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бүгінгі студент – ертеңгі жас маман» атты семинар-трениг өтті.
Аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ аудандық бөлімінің басшысы М.Ибраев оқытудың мақсатын айқындап, қатысушылармен жаңа іскерлік қарым-қатынас орната білді. Жастар жоғарғы белсенділікпен қатысып, ойларын жеткізіп, дағдыларын, іскерліктерін жетілдірді.
Қатысушы соңында ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттарға ие болды.
Ж.НҰРПЕЙІСОВА
Қатысушы соңында ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттарға ие болды.
Ж.НҰРПЕЙІСОВА