ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ
«Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қармақшы аудандық бөлімшесі Ақжар ауылында «Жастар – жарқын болашаққа» атты аудандық жастар форумын ұйымдастырды.
Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Суйеубаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жастар мәселесі мемлекеттің басты назарында екенін айтты. «Жастар – еліміздің болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан мемлекет сіздерді әрқашан қолдайды», - деді. Қатысушылар әртүрлі ұсыныстарын жеткізді.
Қыркүйекте өтетін облыстық жастар форумына делегаттар сайланып, үздік жастар марапатталды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүргендерге Қызылорда қаласына саяхаттау үшін жолдамалар табысталды.
Форум соңында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар үндеу қабылдады.
Ж.НҰРПЕЙІСОВА