ҚАРМАҚШЫДА 4 МЫҢДАЙ БАЛАҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Қармақшының №250 мектеп-лицейі базасында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен акция ұйымдастырылды, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев мектеп жасындағы аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардың балалары, ерекше көмек қажет ететін, жетім, ата-анасының қомқорынсыз қалған және әлеуметтік әлсіз топтағы балаларды оқу құралдарымен, қажетті киім-кешекпен қамтамасыз еткен демеушілерге алғысын жеткізді. Мекемелер мен бөлімдердің, кәсіпкер азаматтардың қатысуымен болған шарада 55 балаға көмек көрсетілді.
1-10 тамыз аралығында 60 балаға 300 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілсе, алдағы уақытта «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қолдауымен 50 балаға демеушілік жасалады.
Жалпы, аудан бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 3 942 оқушыға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.