ҚАРМАҚШЫДА «АҚЖАР» МАКАРОНЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Қармақшылық кәсіпкер Оразгүл Ермекбаева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ақжар ауылында 500 мың теңге қайтарымсыз грант негізінде макарон өнімдерін өндіру цехын ашып, жұмысын дөңгелетіп отыр.
Аппараттар арқылы мұнда сағатына 40 келі макарон өнімдерін өндіруге болады. «Грантты мамыр айында ұтып алғанмын. Аппарат бұрыннан өзімде болғандықтан қосымша тек кептіргіш алдым. Енді макаронның түрін көбейтіп, ауылдағы бригадалар мен жақын орналасқан елді мекендерді өзімнің өніміммен қамтамасыз етсем деймін», - дейді кәсіпкер. Ол өз өніміне «Ақжар» деген атауды беруді жоспарлап отыр.
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі