ЖОСАЛЫДА ЖАҢА КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды. Аймақ басшысы Жосалы кентіндегі «Достық» кешенінде болды.
Кәсіпкер Бақтияр Жұмабеков тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Кәсібінің әліппесін шағын азық-түлік дүкенінен бастаған ол кешеннің алғашқы бөлігі "Достық” автостанция орталығының іргетасын былтыр қалапты. Аудандағы бірегей жоба болғандықтан мемлекет тарапы- нан қызығушылықтар туындап, көмек ұсынылғанда кәсіпкер «Қызылорда» Өңірлік инвестициялар орталығы” ЖШС-нан 10 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл қаражатқа автостанция құрылысын толық бітірген ол өз қаражатымен аталған нысанның жанынан "Достық” сауда орталығын салады. Нәтижесінде тұтастай "Достық” кешені бой көтерді. Жаңа нысанды аралап, жолаушыларға жасалған жағдаймен танысқан аймақ басшысы кәсіпкердің еңбегіне оң бағасын берді. – Бұл – жақсы орталық екен. Жұртшылық базардан қажетін алады да, автобусқа мініп, тиісті мекен-жайға барады. Мұндай жоба- ларды қолдау керек. Дағдарысқа қарамай, Сыр еліндегі қарқынды құрылыстың өзі аймағымыздың экономикалық тұрғыда дамып жатқанын айғақтайды. Жеке кәсіпкерлеріміз қ арапайым халық үшін жайлы жағдайлар жа- сап жатса, бұл – үлкен қуаныш, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Бұл автостанцияның еншісінде жола- ушылар тасымалдайтын 10-нан астам ав- тобус бар. Оның 2-і "Жосалы-Қызылорда” бағытына қатынаса, қалғаны ауданға қарасты елді мекендерге қатынайтын кіші және орта сыйымдылықтағы автобустар. – Алдағы уақытта кентішілік бағыттарды да қолға аламыз. Әзірге ауылдар мен облыс орталығына автобустарымыз қатынап тұр. Болашақта ісіміз өркен жайып, кең ауқымда жұмыс істейтін боламыз. Сауда орталығымыз да халықтың көптеп келетін жеріне айналады деген сенім бар, – дейді Б.Жұмабеков. Базар аумағына бір мезетте 100 адам емін-еркін кіріп-шыға алады. 70 сауда ор- нына арналған базардың сыртқы ауласы- на тағы 50 орынды сауда қатары орналаса- ды деп жоспарланған. Осы ретте аудан әкімі С.Мақашов кәсіпкермен төмен бағада өнімдер сатуға байланысты меморандум жасалатынын жеткізді. Ал қармақшылық ақсақалдар батасын беріп, кәсіпкерге ыстық ықыласын білдірді.
Дәулет ҚЫРДАН,
Қармақшы ауданы
Дәулет ҚЫРДАН,
Қармақшы ауданы