СПОРТ САҢЛАҚТАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАДЫ
Тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күніне орай Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов спортшылар мен сала ардагерлерін қабылдады, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Аудан басшысы мереке иелерін атаулы мерекемен құттықтап, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді аудан әкімінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ байрақты бәсеке, дүбірлі додада топ жарып, ел мерейін асырған спортшыларға «Халықаралық дәрежедегі», және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» куәліктері мен ақшалай сертификаттар табыстады.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа тарту мақсатында жыл басынан бері 53 спорттық жарыс өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам қатысты. Спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 13500-ден асты. Бұл – аудан халқының 25,6 пайызы.