БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Қармақшылықтар ҰҚК шекара қызметінің «Шонжы» шекара жазығында қызмет атқарған бейбіт күннің батыры, Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қаза тапқан жерлесіміз Ардақ Қазиевті еске алды.
Аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қорқыт елі - Қармақшы» қоғамдық бірлестігі марқұмға тағзым ретінде «Жастар салауатты өмір үшін» атты волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырды. Төрешілердің шешімі бойынша I орынға Қармақшы ауылының командасы лайық деп танылды. II орынды Тұрмағамбет ауылы, ал III орынды Төретам кентінен келген командалар иеленді.
Шара соңында қатысушы командалар алғыс хаттармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.