ЕҢБЕКТІҢ НАНЫ ТӘТТІ
Қармақшы ауданындағы Төребай би ауылының еңбеккерлері бақша дақылдарынан мол өнім жинап жатыр, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. Оның басты себебі, биыл ауылда аяқсу мәселесі шешілді. Үш шаруашылық бірігіп, бақшалыққа дейін шағын канал қазып, сол арқылы 100 гектар жерді суғаруға мүмкіндік алды.
Төребай би ауылының тұрғындары егін егіп, мал бағумен бұрыннан айналысады. Негізгі кәсіптері осы. Алайда ырзық-несібесін жерден терген диқандар кешегі күнге дейін насоспен су тартып, оны бақшалыққа жеткізе алмай әбігерге түсетін. Биыл бұл мәселе шешілді. «Шабан ата», «Шахзада», «Орныққан» шаруа қожалықтары бірігіп, аяқ су жүретін канал қазып алды. Нәтижесі жаман емес. Тіпті, алғашқы өнімдерін де жинап, нарыққа шығаруда.
Су келген соң, тың жерді игеріп, түрен салған еңбеккерлердің еңбегі ақталды. Бақшада әңгелектен бастап, әміре, саржау, қара қауын, торлама, «Жұлдыз», «Мырзашөл» сияқты қауындардың онға жуық түрі пісіп тұр. Дәмі тіл үйірер бақша дақылдары маңдай тер, адал еңбектің арқасында қолға тиіп отыр.
Ерінбей еңбек етіп, өзін де өзгелерді де қауын-қарбызбен қамтып отырған диқандар алдағы уақытта қауын құрт, қауыққақ, қауын ішек сияқты табиғи өнімдерді дайындауды қолға алмақ.