«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН»
«Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кент әкімшілігінің мәжіліс залында аға буын өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» деп аталатын кездесу өткізілді.
Кездесуге келген аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлім басшысы М.Ибраев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы С.Әбдісәлімов алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра беретінін және жастарға көп іздену туралы өз ойларын білдірді. Пікір алысу алаңында сонымен қоса ауданның белсенді жастары және жұмыссыз жастары арасында Н.Сейтқасымов, Н.Шамгунов, Р.Қаракиева, М.Жетісбай, А.Шакимбаевалар тақырып аясында өрелі ойлар айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесуді аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы қорытындылап, жалпы жастармен ұйымдастырылатын кездесулермен шаралар әлі де жалғасын табатындығын айтып, белсенділікпен атсалысуға шақырды.