ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА 48 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСІ ҚАРАЛДЫ
Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда аудандық соттың 2016 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін атқару қорытындысы сөз етілді.
Сот төрағасы Қ.Абдуллаев сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша БАҚ өкілдеріне статистикалық мәліметтер айтып өтті.
Аудандық соттың өндірісіне 2016-жылдың 6 айында барлығы 58 адамға қатысты 48 қылмыстық ісі қаралып аяқталған, 26 қылмыстық іс бойынша 31 адамға үкім шығарылған, 19 қылмыстық іс бойынша 24 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған, 11 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған.
Есепті мерзімде 458 азаматтық іс қаралып аяқталған оның ішінде; 203-арыз бойынша сот бұйрығы, 171 азаматтық іс бойынша шешім, 6 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған, 38 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылған.
Аудандық сотта 2016-жылдың 6 айында барлығы 186 әкімшілік іс түсіп 174 тұлғаға қатысты 148 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сот төрағасы Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің сот ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігін атап өтті. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру құралы болып табылады. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктерінің бірі ретінде құқықтық мемлекеттің негізі болатын соттар қызметінің ашықтығын атап өтті.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі