«ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ» ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН
Қармақшы ауданында ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «жасыл дәліз» жұмысы жолға қойылды. Емханаға келген жүкті әйел алдымен арнайы тіркеу бөліміне барады, - деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Әйел ол жерде құжаты бойынша тіркеледі, оған жеке карта ашылады. Сонымен болашақ ана жасыл сызбамен көрсетілген бағыт бойынша мамандарға барады. «Жасыл дәліз» жұмысы ашылған күннен бері 65 болашақ ана тіркелген.
Айта кетейік, «жасыл дәліз» және жүкті әйелдерді тіркеу бөлімі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы «Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы» бұйрығы негізінде жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмекті тиімді ұйымдастыру, ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ұйымдастырылды.