ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАН
Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті сот төрағасы Қ.Абдуллаев жүргізді.
Шара барысында төраға Қ.Абдуллаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен қаралған Е.-нің қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді. Іс материалдарына сай ол құжаты жоқ мотоциклімен аң аулауға рұқсаты жоқ екеніне қарамастан 16-калибрлі аңшы мылтығын, оқ дәрілерін және жарық түсіргішін алып, заңсыз аңшылық жасаған. Нәтижесінде 14 қоян атып алып, мемлекетке жалпы құны 148470 теңгеге материалдық залал келтірген.
Сотталушы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы және мемлекетке келтірілген залал өндіру тағайындалды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі