«ӨЗГЕ ДІНИ АҒЫМНАН САҚТАНА БІЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өзге діни ағымнан сақтана біл» тақырыбында Байқоңыр, Төретам және Ақай ауылдық округі жастарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуді «Қорқыт елі - Қармақшы» ЖҚБ-нің төрайымы А.Нұрмағанбетова жүргізіп, кездесудің негізгі мақсаты мен өзектілігіне тоқталып өтті. Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімінің маманы Н.Қалабеков тақырып төңірегінде нақты тоқталып, «Джихад» ұғымына түсіндірме беріп өтсе, кездесуде одан әрі сөз алған аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы М.Ибраев жалпы дін төңірегінде мәлімет беріп, жастардың пікірімен бөлісті.