МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ ТӨЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қармақшы аудандық сотында «Мемлекеттік баж төлеудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандық сот судьясы және аудандық прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысында судья Л.Әлібекова мен бас маман С.Жалғасбаева баяндамалар жасады.
Судья Л.Әлібекова өз баяндамасында ҚР Салық кодексінің 532-бабына тоқталды. Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем екенін түсіндірді. Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестірілетіндігін айтып өтті.
Өз кезегінде С.Жалғасбаева ақша төлемі мен аударымы туралы 29.06.1998 жылғы №237-І Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтай отырып, түбіртек, басқа да қағазды және электронды құжаттарымен бюджетке мемлекеттік баж төленгені туралы фактісі расталады,-деді.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстел қатусышыларымен сот жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы халықты уақытылы хабардар ету қажеттігі бойынша пікір алмасты.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі