АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТІЛЕГІ
Мал шаруашылығын өркендету, заманға сай мәдениет үйі, мектеп, балабақша мен спорт алаңдарын салу. Бұл – Қармақшы ауданындағы Көмекбаев ауылы тұрғындарының басты арманы.
«Астана» телеарнасы тілшісінің хабарлауынша, облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекенде халықтың негізгі күнкөрісі – бау-бақша. Тұрмысын түзеп, ауылдың ажарын келтіруге қолбайлау болатын қиындықтар баршылық. Әсіресе, су тапшылығы елді талай жылдан бері қажытып келеді.
Ауылдың мал шаруашылығын өркендетумен даңқы шыққан еді. Осыдан жарты ғасыр бұрын бүкіл елге үлгі болған ауылдан қазір күй кеткен. «Жайылым жер қалмады, су тапшы» дейді халық. Аудан орталығынан 250 шақырым қашықтықта жатқан ауыл құмның ортасында орналасқан. Мұнда жастардың да қарасы аз. Ескі мәдениет үйінде аналар ансамблі ғана бар. Ауылдағы әлеуметтік мекемелердің ғимараттары әбден ескірген. «Клубымыз өте көне. Жаңартылса деген өтінішіміз бар. Балабақша да бұрынғы шаруашылық кеңсесінде орналасқан. Балабақшада елу бала тәрбиеленіп жатыр. Бірақ қазір тәрбиеленетін балалардың саны көп. Әрі тарлық етіп тұр, әрі көне. Бүгінгі талаптарға сәйкес келмейді», - дейді ауылдық округ әкімі Сабытбек Жолмаханов.
Ауылда 2 жарым мыңға жуық халық тұрады. Жуырда тұрғындардың қатары едәуір толықты. Әлеуеті төмен деп танылған Шобанқазған мен Кекірелі ауылдарынан елуге жуық отбасы осында қоныс аударған. Айта кетейік, аталған қос елді мекен Қарақалпақстанмен шекарада орналасқан.