АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Қармақшы ауданында «Алтын белгі» иегерлері атанған үздіктерді аудан әкімі Сұлтан Мақашов қабылдады. Аудан басшысы ҰБТ қорытындысымен алтыннан алқа таққан үздіктерді шын жүректен құттықтап, түлектердің еліміздегі үздік деген жоғары оқу орындарына түсіп, білікті маман болып шығып, еліміздің, ауданымыздың өсіп-өркендеп, көркеюіне, зор үлестерін қосады деген лебізін жеткізіп, озат оқушыларға естелік сыйлықтар тарту етті.
Сондай ақ биылғы оқу жылының және ҰБТ қорытындылары бойынша үлгірім көшін бастап, әріптестеріне үлгі көрсеткен №250, №,277, №26, №121, №109 №29, №99, №183, №80-ші мектептің педагогикалық ұжымдарына алдағы уақытта да сәттіліктер тіледі.
Айта кету керек, Қармақшы ауданы бойынша 2015 - 2016 оқу жылында 594 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 453 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 76,3 болып, орташа балл 83,01 құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,13 балл айырмашылық болды. 19 оқушы «Алтын белгі», 27 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Сонымен бірге ауданнан 7 оқушы пәндік олимпиядаларда «үздік» атанып, еліміздегі таңдаулы ЖОО-ның гранттарын жеңіп алса, 19 оқушы Ресей мемлекетінің МИСС университетінде білімдерін шыңдайтын болады.