АУЫЗАШАР БЕРДІ
Арал ауданының өркендеп-дамуына өзіндік үлесі бар «Қарлығаш», «Жазира», Балдырған», «Толқын», Мереке», «Гүлдер», «Алтын балық», «Шағала», «Сартай» сынды балабақшалар ұжымы бірлесіп, оразаның алғашқы күні ораза тұтқан жамағатқа арнап ауызашар берді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ауызашар барысында өңірдің қадірлі ақсақалдары мен ағалары сөз алып, мүбәрак Рамазан айына тілектерін айтты. Ақ дастархан басында бас қосқан игі жақсылар қатарында ауданның орталық мешітінің наиб имамы Нұржан Кеңесханұлы ұжымға ақ батасын берді. Ауызашардан кейін Құран оқылып, елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.