ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАДЫМЫЗДА
Арал ауданында қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткіштің жанында жиын өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жиналған қауым ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ауданның Орталық мешітінің бас имамы барша құрбандарға құран бағыштап, жиында сөз алған аудан әкімі Абзал Мұхимов қызыл империяның қылышынан қан тамған уақытында халқымыздың рухани дүниесін жаңғыртып, тарихи санасын ояту жолында аянбай күресе білген, өз дәуірінің жасампаз тұлғалары, ұлт көшін бастаған көсемдерінің жанкешті еңбегі бүгінгі ұрпақтың, бәріміздің жадымызда мәңгілік сақталатынын айтты.
Айта кету керек, Арал ауданынан 400-ге жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, 193 адам ақталып шыққандығы мәлім. Еске алу шарасы барлық сала басшылары мен мекеме ұжымдарының вокзал маңындағы ескерткішке гүл қою рәсімімен жалғасты.