АРАЛДА ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше Арал аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында «Мәдениет – мәңгі, өнер – өміршең!» тақырыбымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке аудан әкімі Абзал Мұхимов қатысты.
Ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен А.Мұхимов құттықтады. Мерекелік шара одан әрі аудан әкімінің бір топ сала қызметкерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты. Сондай-ақ, «Аралым – өнердің алтын бесігі» атты қалалық, кенттік, ауылдық округ өнерпаздарының аудандық байқау қорытындысы бойынша өнерпаздарды Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапаттады. «Ел іші – өнер кеніші», - дегендей мерекелік кеш ауданның үздік күйші, күміс көмей әнші, талантты өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздігі, «Мәңгілік Ел» болу ұраны кеңінен насихатталып, мерейлі мереке жоғарғы деңгейде аталып өтті.