МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Қызылорда облысының Арал ауданында мүмкiндiгі шектеулі жандар үшін инватаксилер жұмыс жасауда. Бұл «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігінің белсенділері мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұрындық болуымен атқарылып жатқан жұмыс. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоршаған ортаның қол жетімділігін қалыптастыру. Қызмет – тегін атқарылуда.
Ендi аралдық мүгедек жандар ешкімнің көмегінсіз қоғамдық орындар мен мәдени іс-шараларға емін-еркін бара алатын болды. Бұл жұмысқа ауданның жұмыссыз жастары тартылды.
Фариза ОМАРОВА
Ендi аралдық мүгедек жандар ешкімнің көмегінсіз қоғамдық орындар мен мәдени іс-шараларға емін-еркін бара алатын болды. Бұл жұмысқа ауданның жұмыссыз жастары тартылды.
Фариза ОМАРОВА