РҰҚСАТСЫЗ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСҚАН
Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен азаматша А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен Арал ауданы, Аманөткел елді мекенінде орналасқан азық-түлік дүкеніне тексеру жүргізу барысында, арақ-шарап өнімдерінің мемлекеттік лицензиясы болмай сату мақсатында сақтауда тұрғандығы анықталған.
Яғни, жеке кәсіпкер А., рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А., Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде- 53025 теңге мемлекет пайдасына айыппұл салынды, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған алкоголь өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі