ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ
Арал ауданындағы әлеуметтік мәдени маңызы бар сала нысандары 2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық үстінде. Бірқатар мекемелердің қатты және сұйық отындары жеткізілді.
-Аудандық бюджеттен барлығы 290 671,5 мың теңге бөлінді. Қажетті отындарды сатып алу мемлекеттік сатып алулар жүйесі бойынша жүргізіліп, жабдықтаушы құрылымдармен келісім-шарттар жасалды. Жыл басынан бүгінге дейін бөлім мекемелеріне 1767 тонна көмір алынды. Жыл аяғына дейін әлі де осыншама отын алынады деп межеленуде,- дейді Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Талқанбаев.
«Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталмыш білім ұяларындағы жылу беру батареялар жаңаланған. Сондай-ақ, бөлім басшысы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде де жылу беру маусымына дайындық ойдағыдай екендігін жеткізді.
Орталық аурухана, перзентхана, өкпе ауруларына қарсы және жүйке аурулары диспансері, аудандық емхана мен 3 дәрігерлік емхана, сондай-ақ, 20-дан астам медициналық пункттер қыстан қысылмай шығудың қамына кіріскен. Биыл облыстық бюджеттен 12 000,0 мың теңге бөлініп, медициналық мекемелердің жылу қазандықтарына жөндеу жұмыстары жасалды.
Фариза ОМАРОВА