АРАЛ АУДАНЫНДА АТ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі аудан әкімдігі мен Арал аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен қаланың сыртындағы ипподромда ат спорт түрлерінен өткен жарысқа жалғасты.
Мұнда тұлпарды серік еткен спортшылар «Ат бәйгесі», «Теңге ілу» және «Аударыспақ» ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Ат бәйгесі облыстық деңгейді өтті. Жарысқа Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты барлық аудандардан шабандоздар келіп қатысты. Ат бәйгесінің түрлері бойынша Тай бәйгеде 17, Тоқ бәйгеде 18, Құнан бәйгеде 19 және Аламан бәйгеде 22 тұлпар бақ сынады. Оқ бойы оза шапқан шабандоздар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтарының демеушілігімен тағайындалған ақшалай сыйлықтарға ие болды. 3-орынның жүлдесі 50 мың, 2-орынның жүлдесі 100 мың және 1 орының жүлдесі 200 мыңды теңгені құраса, Аламан бәйгенің бас жүлдесіне БОТАЛЫ ТҮЙЕ тігілді. Сонымен қатар, әншілер де бабалар қорғап, аманат еткен сары даланы әсем әнмен тербетіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды.