БАЛАБАҚШАДАН ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТКЕН ӨНІМДЕР ТАБЫЛДЫ
Арал аудандық прокуратурасы «Сартай» бөбекжайында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен какао ұнтағы беріліп келген. Сонымен қатар оскорбин қышқылы, преднизолон және гепарин дәрілері пайдаланатын уақыты біткеніне қарамастан тоңазытқышта сақтаулы тұрған.
Прокурорлық ықпал ету актісімен олардың күші жойылып, 280 жасөспірімнің конституциялық құқықтары қорғалды.
Прокурорлық ықпал ету актісімен олардың күші жойылып, 280 жасөспірімнің конституциялық құқықтары қорғалды.