АРАЛДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ДӘРІПТЕЛДІ
Арал ауданында қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған және заманауиландырылған тағамдарының, «Нео - фольклор» киімдер дизайнерлерінің аудандық конкурсы өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«ЭКСПО – 2017» – мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңселілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қонақжайлығын, ұлтымыздың ұлылығын көрсететін дүниежүзілік көрме. Көрмеге Қосаман ауылынан Гүлайна Шораева, Шижаға ауылынан Гүлбақыт Сағынғанова, Құмбазар ауылынан Гүлшат Досмамбетова, Сапақ ауылынан Рыскүл Жұмамұратова, Аралқұм елді мекенінен Айсәуле Аймұратова, Ләйла Батаманова, Қарақұм елді мекенінен Гүлшарат Мырзабаева қатысып, ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындар және ұлттық нақыштағы киімдер әкеліп қатысты.