ҚАЗАЛЫ ӨНІМДЕРІ АРАЛДА АРЗАН БАҒАМЕН САТЫЛДЫ
Аралда Қазалы ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Келбеті ажарлы, тірлігі базарлы Қазалы өнімдері Аралдың орталғында арзан бағада халыққа ұсынылды. Жәрмеңкеде базар бағасынан 10-15 теңге төмен бағада сатылған «РЗА» компаниясының сүт өнімдері, «Қазалы» кәмпиті, күріш, балық, ет, көкөністер аудан тұрғындарының көңілінен шықты.