АРАЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 75 жыл толуына орай «Арал өңірі мен Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін сақтау және олардың тұрақты дамуының перспективалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның ашылу салтанатында аудан әкімі Абзал Мұхимов алыс-жақын шет елдерден және еліміздің әр аймағынан келген қатысушыларды құттықтап, қоршаған орта жанашырларының жұмысына сәттілік тіледі. Үш күндік конференция жұмысы 3 кезең бойынша жалғасын тапты.
«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының директоры З. Әлімбетова облыс әкімі Қ. Көшербаевтың республикамыздағы үлкен қорықтардың бірі болып саналатын «Барсакелмес» қорығын ерекше қорғалатын аймаққа айналдыру туралы ұсынысын қолдап, жоба құжаттарын реттеуді тапсырғандығын ерекше қуанышпен жеткізді.
Шараға келген қонақтар Көкарал бөгеті мен «Барсакелмес» аралдарына барып, қорықтың тыныс-тіршілігімен танысты.
Фариза ОМАРОВА