АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ПАРТИСИПАТИВТІК РӘСІМ ТӘРТІБІМЕН АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ
Арал аудандық сотында талап қоюшы Г-ның жауапкер Н-дан 400000 теңге берешек қарызын және мемлекеттік баж үшін төлеген 4000 теңгені өндіруді сұраған азаматтық ісі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібімен қаралды.
Талап қоюшы Г. талап арызында жауапкер Н-ның 2013 жылы өзінен 400000 теңгенің алтын бұйымдарын сатып алып, ақшасын күні бүгінге дейін бермей жүргенін көрсетіп, жауапкерден берешек 400000 теңгесін және 4000 теңге мемлекеттік баж алымын өндіріп беруді сұраған.
Істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексінің 181 бабының 1 бөлігінде, тараптар осы кодекстің 179 бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы делінген. Бұл жаңашылдық дауларды жедел түрде шешуді жеңілдетеді.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкер Н. талапты мойындап, талап қоюшы Г-ға сондай бағадағы ұқсас басқа алтын бұйымдарын бір ай ішінде қайтарып беруге, ал, қайтара алмаған жағдайда айлық жалақысынан 1 жыл ішінде бөліп төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы Г. осы партисипативтік келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген. Партисипативтік келісімді екі тараптың адвокаттары қол қойып сотқа бекіту үшін ұсынған.
Сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, 4000 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі