ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ТУҒАН ТІЛГЕ АРНАЛДЫ
Арал ауданындағы қалалық мәдениет үйінде тіл мерекесі күніне орай «Туған тілім – тұғырым» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті, - деп хабарлайды Бақ.кз ақпараттық портал аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тіл мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары М.Оразбаев ашып, мереке күніне орай құттықттау сөз сөйлеп, бірқатар ауданда мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде өзіндік үлесін қосып жүрген қызметкерлерді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Жиын соңы мерекелік концертпен аяқталды.