АРАЛДА "АТПЕН СЕРУЕН" АЛАҢҚАЙЫ АШЫЛДЫ
Ат спортын дамыту мақсатында Арал ауданында жеке кәсіпкер Алтынбек Әбиев жастарға арнап атпен серуендейтін алаңқай ашты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алаңқайдың лентасын Ұлы Отан соғысы ардагері Бахырадин Ыбыраев қария кесіп, батасын берді. Халық игілігі үшін ашылған алаңқай тұрақты түрде жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, ат спортының денсаулыққа пайдасы ескеріле отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың атпен серуендеуіне барлық жағдай жасалған.