ЖАҢА КОДЕКСТЕР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ТҮПКІЛІКТІ ҚОРҒАЙДЫ
Жуырда Арал аудандық сотында «Жаңа Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің өзгешеліктері» атты брифинг өткізілді.
Брифинг барысында сот төрағасы Е.Тұрбаев жаңа Кодекстер адам құқықтарын түпкілікті қорғауды көздейтінін айтып, уақыт талабына сай өзгертілген жаңа Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің өзгешеліктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде ұсынудың шарттары, яғни талап арыз беру, сот отырысының хаттамасының электронды көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасына арыз-ескертпе беру, электронды өтініш беру мүмкіндігі жөніндегі жаңалықтармен бөлісті.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі