АРАЛДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР КЕШ ӨТКІЗДІ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Арал ауданындағы мәдениет саласының қызметкерлері «Аралым – айдын шалқарым» тақырыбымен кеш өткізді.
Кеш тамырын тереңнен алатын тәуелсіздікке қол жеткізген жылдарды суреттейтін көріністен басталып, әнмен әрленіп, өлеңмен өріліп, бимен айшықтала түсті. Кештің жоғары дәрежеде өткенін айтқан аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаев шығармашылық ұжымға сәттілік тіледі.
Аралдық өнерпаздар алдағы уақытта көршілес Қазалы ауданында кеш өткізуді де жоспарлап отыр.