БАЛАСЫ САБАҚҚА СЕБЕПСІЗ БАРМАҒАН АТА-АНА АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К-ның кәмелетке толмаған 15.04.1998 жылғы қыз баласы А., 2016 жылдың ақпан айының 3-19 аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған. Құқық бұзушының кінәсі өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы К., Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 14847 теңге айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі