АРАЛДЫҚ ПРОКУРОРЛАР ЖЕР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАНЫН АНЫҚТАДЫ
Арал аудандық прокуратурасы жер заңнамаларының қолданылуын тексеру барысында заң талаптарының бұзылғанын анықтады, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, «Бердікөл-Сексеуіл» және «Сексеуіл-Арал» учаскесінде жайылымдық алқаптардың ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалуына байланысты шығындар қазіргі күнге дейін бюджетке төленбей, ҚР Жер Кодексінің 105-бабының талаптары бұзылған.
Аудандық прокуратура аудан әкіміне ұсыныс беріп, барлығы 2839808 теңге жергілікті бюджетке өндіріліп, бөлімнің жауапты қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.