АУДАН ӘКІМІ АМАНӨТКЕЛДЕГІ АНАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Биылғы жылы Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов ерекше бастама жасап Аралдың Қыр беткейі мен Сыр беткейінің аналарының басын бір ауылға біріктіріп мерекемен құттықтады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен Сырдың аналарының қолынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Мұнда жарамсыз заттардан жасалған әшекей бұйымдар мен тұрмысқа қажетті заттардың алуан түрін кездестіруге болады. Мерекелік салтанатты кеш Ананың өмірлік болмысын айқындай түсетін сахналық көріністен бастау алды. Салтанатты кеште аудан әкімі Абзал Мұхимов аналарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыласы мен ақ тілегін арнады. Және барша Сырдағы аналарға арнап ықылас гүлін тарту етті. Сонымен қатар өз қызметін қалтқысыз атқарып еңбегімен елге құрметті болған және батыр аналарды алғыс хатпен марапаттады.