АРАЛДА ОҚУШЫНЫ КӨЗІНЕН АЙЫРҒАН МҰҒАЛІМГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Арал ауданында оқушыны таяқпен тәрбиелеймін деп, көзін шығара жаздаған мұғалім сазайын тартты. Ол бес жылға дейін мұғалімдікпен қоштасты, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Өткен жылдың қарашасында 6 сыныпқа сабақ беру кезінде Қамыстыбас елді мекеніндегі №21 орта мектеп мұғалімі алдыңғы партада отырған баланы тыныштандырмақ боп қол сілтегенде қаламсабы ұшып кетіп, оқушының сол жақ көзіне тиген. Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысы осыдан кейін оқушының сол көзі мүлдем көрмей қалғанын көрсетті.
Аудандық сот сотталушыға 1,5 млн. теңгеден астам айыппұл салып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдармен айналысу құқығын 5 жыл мерзімге шектеді.
Үкім заңды күшіне енбеген.