АДАМ ӨЛІМІМЕН АЯҚТАЛҒАН ЖОЛ АПАТЫ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫ
Арал аудандық сотында адам өлімімен аяқталған қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Іс құжаттарына сәйкес сотталушы өткен жылдың 13 қыркүйегінде көлігімен Аралдан Қызылордаға бара жатып, кенет алдынан жылқы шығып қалып тоқтаған. Сол кезде ресейлік азаматтың басқаруындағы темір тұлпарға соғып, кәмелет жасқа толмаған жолаушы қайтыс болған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті айыбын мойындап берген жауабымен, іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Сот оның бұрын сотталмағанына, жағымды мінездемесіне, балиғат жасына жетпеген бала асырап отырғанына, үйінің жалғыз асыраушысы екеніне қарап 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру, 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қоныс колониясында өтеу белгіленді.
Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 1500000 теңге моральдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.