АРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес аудандардың төтенше жағдайларға қарсы жедел құтқарушы жасақтарының әзірлігін пысықтау мақсатында Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инеспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы Асылбек Мұстафаев пен мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Руслан Ибрагимов Арал ауданында болып, төтенше жағдайлар бөлімінің жедел әрекет ету жасағының дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмылдыру жұмыстарына 58-ге жуық техника, қажетті құрал-жабдықтарымен тиісті сала қызметкерлері толықтай қатысты. Арал ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылуға тиісті жұмыстардың жоғары деңгейде екендігіне көз жеткізген басшылар дайындық жұмыстарына оң бағасын берді.