ЖАҚСЫҚЫЛЫШ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Арал ауданы әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №24-ө санды өкімімен Жақсықылыш кенті әкімінің лауазымына Жалғасбаева Мирамкүл Кәрібозқызы тағайындалды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мирамкүл Жалғасбаева – 1963 жылы 25 қарашада Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Жезқазған қаласындағы педагогикалық институтына түсіп, «Физика-математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын, 1986-1987 жылдары Қосаман елді мекенінің мектеп интернатында мұғалім болып бастаған. 1987-1989 жылдар аралығында Жақсықылыш кентінде №19 орта мектебінде мұғалім болып еңбек еткен.
1989 жылдары Халық депутаттары Аралсульфат поселкілік Советінде хатшы, іс-басқарушы қызметтерін атқарған. 2001 жылдың қаңтарынан бастап Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының бас маманы және қазіргі таңда кент әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Жанұялы, 1 бала тәрбиелеп отыр.