АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫ ҚАРАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ КӨБІН ҰРЛЫҚ ҚҰРАДЫ
2015 жылы Арал аудандық сотында 3196 іс қаралған. Соның 119-ы – қылмыстық, 1078-і – азаматтық, 1999-ы – әкімшілік істер. Бұл туралы сот төрағасы Ермек Тұрбаев мәлімдеді.
2014 жылы қаралған істер саны 2774 болған. Демек, сотқа жүгінушілер саны артқан. Қаралған қылмыстық істердің басым көпшілігін ұрлық, есірткі, психотроптық заттармен өткізу мақсатынсыз, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу қылмыстары құрап отыр.
«Ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, қайтыс болу фактісін анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарттардан туындаған даулар құрайды», - дейді Ермек Тұрбаев.