ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІУДЕ
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы 2015-2016 оқу жылының ІІ-жартыжылдығында өз жұмысын бастады.
Өткен оқу жылында Арал ауданындағы 400 бітіруші түлектер 100 пайыз осы орталықтан кезең-кезеңмен ҰБТ-ге дайындықтан өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ал, биылғы оқу жылының қараша-желтоқсан айларынан бастап Арал және көршілес Қазалы аудандарының 11 - сынып оқушылары ҰБТ-ге дайындықтарын аталған орталықта бастап кетті. Осы уақытқа дейін дайындықтың 4 легі ұйымдастырылды. Әр лек сайын оқушылардан 2 рет сынама тест /кіру және шығу тесттері/ алынады. І лекте кіру тесті мен шығу тесттерінің айырмашылығы 10,5 баллды құраса, ІІ лекте-12,4 балл, ІІ лекте-9 балл, ІҮ лекте- 8 баллды құрап отыр. Бұл дегеніміз орталықта болған 10 күн бала үшін де, дәріс берген ұстаздар үшін де өз нәтижесін беруде.
Айта кету керек, оқушының қалауы бойынша сабақ кестесінен тыс қосымша сабақтар ұйымдастырылады. ҰБТ орталығымен байланыса отырып оқушылардан кіру және шығу тесттері алынып нәтижесі аудандық білім бөліміне жолданады. Оқушылардың бос уақытында тәрбие жұмыстары жүргізіліп, сауықтыру шаралары да /бассейн/ ұйымдастырылған.